Спорт • 03 Қыркүйек, 2023

Сербияда және Қытайда өтетін жарысқа кімдер қатысады?

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сербияда және Қытайда өтетін екі жарысқа Қазақстан құрамасынан 8 балуан қатысады. Бұл туралы qaz_olympics инстаграм парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сербияда және Қытайда өтетін жарысқа кімдер қатысады?

Фото: qaz_olympics инстаграм

Қыркүйек айының 16-24 күндері Сербияда күрестен лицензиялық әлем чемпионаты өтсе, 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайда Азия ойындары өтеді.

8 балуан өтетін күндер аралығы өте жақын екі жарыста да белдеседі. Олар: Грек-рим күресінен Әлімхан Сыздықов (130 кг), еркін күрестен Азамат Дәулетбеков (86 кг), Әлішер Ерғали (97 кг), Юсуп Батырмурзаев (125 кг). Әйелдер күресінен Марина Седнева (55 кг), Ирина Кузнецова (62 кг), Елена Шалыгина (68 кг), Жәмила Бақбергенова (76 кг).