Фото: blog.eldorado.ru
Министрліктің жеке құрамына арналған телефон нөміріне хабарлама жіберуші адам өзінің аты-жөнін, тұрғылықты мекенін, лауазымын да жазуы керек.
«Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сонымен қатар азаматтық қорғау органдарының ардагерлері өз сұрақтарын + 7 747 651 75 88 нөмірі бойынша министрге тікелей жолдай алады», деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
WhatsApp месенджері арқылы министрмен тікелей байланыс бүгіннен бастап іске қосылады.