Мәдениет • 04 Қыркүйек, 2023

«Галактика сақшылары» Comic Con Astana фестиваліне қатысады

216 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

15-17 қыркүйек аралығында Астанада Comic Con Astana фестивалі өтеді. Іс-шараға белгілі Голливуд актері Майкл Рукер қатысады. Ол бүкіл әлем, әсіресе, Marvel жобаларының көрермендеріне режиссер Джеймс Ганнның «Галактика сақшылары» трилогиясындағы Йонду рөлімен таныс. Бұған дейін бұл іс-шараға Рукердің Marvel және DC жобаларындағы әріптесі Шон Ганн қатысатыны да белгілі болды, ол «Галактика сақшылары» фильмінде Краглин мен Зымыран рөлін сомдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Галактика сақшылары» Comic Con Astana фестиваліне қатысады

Бұған дейін Майкл Рукер «Жүріп жүрген мәйіттер» телехикаясындағы Мерл Диксонның протездік қолы бар адам рөлімен танымал болған. Сондай-ақ Рукер «Нағыз детектив» фильмінің үшінші маусымында да жанкүйерлердің назарына іліккен.

Жалпы, Майкл Рукер харизматикалық қосалқы кейіпкерлердің көптеген рөлдерімен белгілі. Оның 35 жылдан астам фильмографиясында «Жанкештілер жасағы: Сыртқа ұшырту миссиясы» (Шон Ганн Ласка рөлін сомдаушы ретінде қатысты, қазіргі DC Studios бірлескен директоры Джеймс Ганн режиссерлік етті), «Форсаж 9» және «Форсаж 10», Оливер Стоунның «Джон Ф. Кеннеди. Далластағы атыс», «Миссисипи өрт құшағында», «Телепорт», «Офис» эксперименті» (онда Шон Ганн да ойнады), «Қанішерлермен ауыстыру», Том Крузбен «Найзағай күндері» және Сильвестр Сталлонемен «Скололаз» атты бірге ойнаған жобалары бар. Сондай-ақ Рукер түскен телехикаяларының арасында атап өтетіндері: «C. S. I.: Майамидегі қылмыс орны», «Заң және тәртіп», «Қылмыскер сияқты ойлау» және «Мүмкін болудан тыс».

Айта кетсек, Майкл Рукер Call of Duty бейне ойындарын жасауға қатысқан еді.

Іс-шара барысында Майкл Рукер жанкүйерлермен жүздесіп, фестиваль қонақтарына қолтаңба сессиясын өткізеді деп жоспарланып отыр.

Comic Con Astana - комикстер, кинематография, бейне ойындар, аниме және қазіргі заманғы танымал мәдениеттің өзге де бағыттарына арналған халықаралық фестиваль.

 

Бұдан бөлек, 16-17 қыркүйек аралығында «Майор Гром: Ойын» фильмінің авторларымен, қатысушыларымен танысу, қолтаңба сессиясын өткізу және «Түсіндіргіштер» анимациялық сериалын тамашалау жоспарланып отыр.

Іс-шараның қонақтары «Майор Гром: Ойын» фильмінің жасаушылары болады, олардың арасында Сергей Горошко, Александр Сетейкин, Матвей Лыков, Олег Трофим, Артем Габрелянов және Михаил Китаев бар. 

Сондай-ақ 17 қыркүйекте фестиваль қатысушылары «Түсіндіргіштер» анимациялық сериялының жасаушылары: Сыендук, Егор Лоскутов және Евгений Блинниковке жеке сұрақтарын қоя алады.

Фестивальде қатысушыларға әртүрлі кейіпкерлерге деген сүйіспеншіліктерін білдіруге мүмкіндік беретін косплей байқауы өтеді. Жалпы жүлде қоры 10 миллион теңгені құрайды.

Биылғы бағдарламаның жаңалықтарының қатарына аниме мен мангадан J-Pop және K-Pop-қа дейінгі азиялық поп-мәдениетке арналған Pop Asia тақырыптық көрме аймағын біріктіру кіреді.

Тағы бір жағымды жаңалық - іс-шараға «Супермен» үштемесі, Гай Ричи жасаған «Револьвер» мен Эмир Кустурица жасаған «Андерграунд» секілді фильмдерге қатысқан Франция кинопродюсері Пьер Спенглер қатысады.

Сондай-ақ, Конвентте техно-гиктерге арналған интерактивті аймақ құру жоспарлануда, оның шеңберінде ойын өндірушілерінен түрлі мазмұн ұсынылады.

Фестивальдің барлық қонақтары үшін фуд-корттың жұмысы ұйымдастырылады, ал ең кішкентай келушілер үшін Arsenal Kids балалар қалашығы жұмыс істейді, онда шеберханалар, үстел ойындары, бет бояуы, твистер және басқа да ойындар қолжетімді болады.

Comic Con Astana билеттері ресми www.comicconastana.kz сайтында да, ticketon.kz, sxodim.kz, iticket.kz пен «Яндекс.Афиша» қызметінде де сатылады.