Спорт • 05 Қыркүйек, 2023

Ширек финалға шықты

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қала­сында үстел теннисінен ерлер мен әйел­дер арасындағы XXVI Азия чем­пио­натының жалауы желбіреді.

Ширек финалға шықты

Командалық жарысты Қазақстан ұлт­тық құрамасы өте сәтті бастады. Құра­мында Кирилл Герасименко, Алан Құр­манғалиев, Айдос Кенжеғұлов және Владислав Захаров сынды ойыншылары бар команда Непал, Бангладеш және Қыр­ғызстанды ойсырата ұтса, Таиландты 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Бұрымдыларымыз бастапқы кезеңде Бангладеш, Непал және Өзбекстаннан басым түсті. Бұл бәсекелердің барлығында 3:0 есебі тіркелді. Еліміздің қыздар командасы сапында Сарвиноз Мірқадырова, Анастасия Лаврова, Зәуреш Ақашева және Ангелина Романовская өнер көрсетуде. Сөйтіп, жерлестеріміз ширек финалға шық­ты.