Теннис • 05 Қыркүйек, 2023

Қазақ қызы жарап тұр

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чехия астанасы – Прагада ITF W60 турнирі өз мәресіне жетті. Жа­рыста қазақтың дарынды тен­нис­шісі Жібек Құламбаева табыс­ты өнер көрсетті.

Қазақ қызы  жарап тұр

Польшалық Мартина Кубкамен жұп құраған ол барлық қарсыласын сыпыра ұтып, финалда Италиядан келген мықтылар – Ангелика Морателли мен Камилла Розателлодан 7:6, 6:4 есебімен басым түсті. Сөйтіп, Құламбаева өзінің карьерасында ITF додаларында 23-мәрте бас жүлдені олжалады. Прагадағы жарыс аяқталған бетте Италияның Бари қаласында WTA 125 турнирінің тұсауы кесілді. Іріктеу сынының финалында чехиялық Анна Шишкованы 6:2, 6:4 есебімен жеңген Жібек енді негізгі бәсекеде бақ сынайды.

Ал Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ-тың ашық біріншілігінің аралас жұптар ара­сындағы сайысында қазақстандық Анна Данилина мен финляндиялық Харри Хелиоваар кезекті кезеңде америкалық Али­сия Паркс пен Денис Кудланы 6:3, 6:3 есе­бімен еңсеріп, ширек финалға жолдама алды.