Жолдауда Қазақстан экономикасын дамытудың алдағы стратегиясы белгіленді. Бұдан бөлек, Президент бастамалары экономиканың бірқатар саласының жаңа ережелерін ұсынып отыр. Соның арқасында атқарушы билік жүйесі, орталық пен өңірлер арасындағы қарым-қатынас өзгереді, салықтық ынталандырудың, нормативтік-құқықтық реттеудің, инвесторлармен өзара іс-қимылдың жаңа шаралары енеді. Жаңа Жолдау экономикалық мәселелерді шешуге бағытталса да, онда әлеуметтік сипаттағы маңызды бастамалар бар. Атап айтқанда, жалақыны көтеру, жұмыспен қамту, балалар қауіпсіздігі, білім алудағы теңдік, т.б.
Мемлекет басшысының қоғамда қызу талқыланып жатқан АЭС салуға қатысты мәселені республикалық референдумға шығару туралы ұсынысына ерекше назар аудару қажет. Бұл Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» және Әділетті Қазақстан қағидаттарын берік ұстанып отырғанын көрсетеді. Жалпы, Жолдауда көп бағытты қамтитын және әлеуметтік-экономикалық реформалардың бірыңғай жүйесін құрайтын жүзден астам түрлі идея мен ұсыныс айтылды.
Ерлан ҚАРИН,
Мемлекеттік кеңесші