ФОТО: baq.kz
Осы салаға арнайы мән беріп, жеке министрлік ретінде құру – уақытылы қабылданған шешім. Жаңадан құрылатын Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздегі су саясатын ілгерілететін, су инфрақұрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар беріп, оның орындалуына жауапты болуы қажет. Сонымен қатар өз құзыреттілігі шеңберінде трансшекаралық су ресурстары бойынша келіссөздер мен талқылауларда мемлекеттік мүддені қорғауда басымдыққа ие болмақ. Сондай-ақ салалық ведомство ретінде су мәселелері бойынша халықаралық және өңірлік ұйымдар мен өзге де мүдделі тараптармен байланысты жаңа деңгейге көтеруге, сол арқылы елімізге суды тиімді пайдалану бойынша жаңа технологиялар енгізуге мүмкіндік тумақ.
Орталық Азия өңірі ауыл шаруашылығының 75 пайызы суармалы әрі еліміздің төменгі ағыста орналасуы су ресурсы бойынша көрші елдермен тиімді әрі жүйелі байланыс орнату, достық пен серіктестікке негізделген «су дипломатиясын» жүргізуді қажет етеді. Осы ретте аталған министрлік өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әрекет етуге тиіс.
Бауыржан БАҒЛАЙ,
Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы дипломатия институтының қызметкері