Теннис • 06 Қыркүйек, 2023

Бариде бағы жанбады

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күні кеше ғана Прагада өткен ITF W60 турнирінде топ жарған қазақ теннисшісі Жібек Құламбаева көп кешік­пей Апеннин түбегінде шымыл­дығы түрілген турнирге қатысты.

Бариде бағы жанбады

Бірақ Италияның Бари қаласында оның жолы болмады. Іріктеу сынынан іркілмей өткен Құламбаева алғашқы айналымда Ресейдің атақты теннисшісі, Билли Джин Кинг турнирінің жеңімпазы, кезінде әлемдік рейтингте ТОП-10-дықта болған Вероника Кудерметованың туған сіңлісі По­линаға 1:6, 5:7 есебімен есе жіберді. Есесіне Қазақстанның тағы бір танымал ойын­шысы Денис Евсеев Ыстанбұлда жалауы желбіреген жарыстың алғашқы айналымында словакиялық Норберт Гомбошқа сан соқтырды – 6:4, 6:1, 6:2. Сол секілді Тимофей Скатов та Севильядағы турнирдің екінші кезеңіне шықты. Пиреней түбегінде ол польшалық Даниэль Михальскиден айласын асырды – 6:1, 5:7, 6:3.

Ал Нью-Йорктегі US Open турнирінің ширек финалында Анна Данилина мен финляндиялық Харри Хелиоваара жұбы қытайлық Ифан Сюй мен бельгиялық Йоран Флигеннен 7:5, 7:6 есебімен басым түсті. Осылайша, олар жартылай финалда күш сынасу мүмкіндігіне ие болды.