Қоғам • 06 Қыркүйек, 2023

Өңірдің әл-ауқат дәрежесі

212 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2023 жылы маусым айында Азия даму банкінің Қазақстан өңірлерінің әл-ауқаты жөніндегі есебі жарыққа шықты. Зерттеуде еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаланың экономикалық, әлеуметтік мәліметтер базасы мен 2022 жылдың тамыз-қараша айларында 4 мыңға жуық респонденттен алынған деректерге сүйене отырып жасалған.

Өңірдің әл-ауқат дәрежесі

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Жинақта кейінгі жылдары еліміздің аймақтық дамуын­да алшақтықтар артып келе жат­қандығы баяндалған және бұл проб­леманы шешуге бағыт­тал­ған ұсыныстар келтірілген. Халқымыздың өңірлік деңгейдегі әл-ауқатын зерттеу мамандар үшін де, саясаткерлер үшін де салыстырмалы түрде жаңа бағыт. Әл-ауқатты өлшеу өркендеу мен дамудың басым көрсеткіші ре­тін­де ІЖӨ немесе жалпы ұлттық табыс секілді экономикалық көрсеткіштердің халық өмірінің жақсаруына қаншалықты әсер еткенін анықтауға бағытталған.

Материалдық жағдайдың ма­ңызды аспектісі – үй шаруашы­лық­тарының қаржылық және экономикалық тұрақтылығы. Орташа алғанда ел бойынша азаматтардың 51%-ы күн кө­ру­­де қиындықтар көп екенін хабарлаған. Алматы облысында бұл көрсеткіш 60%-дан асады. Шығыс пен Батыстың көп аймағында жағдай орташадан жоғары. Жетісу, Алматы, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Түркістанда респонденттердің 54-тен 62%-на дейін экономикалық жағдайы ауыр және тұрақсыз. Кейбір облыс тұрғындарының мемлекеттік мекемелерге деген сенімі, қаржылық және тұрғын үй жағдайы, медициналық қызмет, білім беру мен жеке қауіп­сіз­дік параметрлері бойынша қана­ғат­тан­уы төмен деңгейде.

па

(Өмір сапасы өлшемдеріндегі облыстардың көрсеткіші, жасыл түс –
ең жоғарғы деңгей, қоңыр түс – ең төменгі деңгейді көрсетеді)

Азия даму банкі әлеуметтік ахуалды жақсарту үшін келесідей ұсыныстар жасаған:

  • Ұлттық саясат жалпы рес­пуб­ликалық деңгейдегі көз­қараспен қатар аймақтарға қа­тыс­ты зерттелген нұсқау­лық­тар­ды қамтуы керек. Сондай-ақ су­бұлттық деңгейде аймақтық әл-ауқатқа қатысты саясатты жүзеге асыру үшін жергілікті мем­лекеттік басқару органдарына жеткілікті әрекет ету еркіндігі қажет.
  • Үкіметтегі өңірлік нысаналы көрсеткіштер аймақтағы әл-ауқат деңгейіне сәйкес жергілікті мүдделі тараптарды тарта отырып айқындалуға тиіс.
  • Өңір әл-ауқатындағы негізгі кемшіліктерді жою үшін Үкімет қаржыландыруы қажет. Ол үшін бюджет қаражатын аймақтар бо­йынша бөлу туралы шешім қа­былдау кезінде өңірлердің әл-ауқат деңгейін ескерген жөн.
  • Әлеуметтік дамудың ең тө­мен­гі стандарттар жүйесін құру Қазақстанда аймақтардың да­муын қамтамасыз етуге оң ықпал етер еді. Сондай-ақ өңірлік дең­гейде институционалдық әлеует­ті нығайту жөнінде шаралар қа­былдау қажет.

Жалпы, халықтың әлеуметтік және экономикалық саясат нәти­же­леріне деген көзқарастың дең­ге­йін елемеудің қаупі жоғары. Бүкіл әлемде артта қалған және құлдырап бара жатқан терри­то­рия­ларға тән аймақтық тең­герімсіздік пен онымен байланысты наразылық саяси және әлеуметтік толқу­лар­дың негізгі себебі екені бел­гі­лі. Қазақстан облыстарының әлеуметтік-эко­номикалық әл-ауқа­тының озық және әлсіз жақ­тары туралы ғы­лыми-сарап­та­малық ақпарат әрбір өңірге өзінің әлеуетін толық іске асы­ру­ға жол аша отырып, тең мүм­кін­діктерді қамтамасыз ету үшін ресурстарды орталықтан өңір­лік басқару деңгейіне тиімді бөлу­ді ұйымдастыруға байланыс­ты шешімдерге оң ықпал етуі мүм­кін.

 

Айнұр АБАЙҚЫЗЫ,

Қазақстан қоғамдық
даму институтының сарапшы-менеджері