Қоғам • 06 Қыркүйек, 2023

АЭС салу: референдум биыл өте ме?

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АЭС салуға қатысты референдум жыл соңына дейін өткізілсе, ОСК қаншалықты дайын?  Жалпыхалықтық референдум өткізудің дайындығы турасында  Орталық сайлау комиссиясының мүшесі  Шавхат Өтемісов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

АЭС салу: референдум биыл өте ме?

Фото: kazpravda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы  Жолдауында елімізде АЭС салуды  жалпыхалықтық шешім арқылы жүзеге асыру керектігін айтқан болатын.

«Референдум өтетіні жайында айтылды. Оны өткізу мерзімі кейінірек нақтыланады. Негізінде  Орталық сайлау комиссиясы бұл жұмыстарға әзірлікті бастады. Сайлаушылар тізімін түзу, аумақтық сайлау комиссияларына қатысты жұмыстарды жүйелеу де қолға алынды», деді  Ш.Өтемісов.

Парламентте журналистердің сауалына жауап берген спикер егер  референдумды биыл өткізу  жүктелсе, ОСК дайындықты пысықтап, үдеден шығатынын жеткізді.