Кәсіпқой бокс • 07 Қыркүйек, 2023

Кіл жұлдыздар бәсекесі

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 қазанда АҚШ-тың Розенберг қала­сында өтетін кәсіпқой бокс кешінде Жәні­бек Әлім­ханұлы мен германиялық Вин­ченцо Гуаль­тьеридің күш сынасатыны белгілі.

Кіл жұлдыздар бәсекесі

Бұл бәсекеден бөлек, сол жарыста тағы бірнеше әйгілі боксшы рингке көтеріледі. Атап айтсақ, 2021 жылы өткен Олимпия ойындарының күміс жүлдегері Кишон Дэвис (9-0, 6 КО) Нахир Олбрайтпен (16-2, 7 KO) жұдырықтасады. Токио Олимпиадасында дәл сол межеден көрінген Ричард Торрес (6-0, 6 KO) Дон Хейнсвортпен (17-8-1, 15 KO) айқасады. Жапонияның астанасында жеңіс тұғырына көтерілген тағы бір боксшы Дюк Рэган (8-0, 1 KO) Хосе Переспен (11-1-2, 5 KO) шеберлік байқасады. Есімдері атал­ған былғары қолғап шеберлерінің алғаш­қы бе­сеуі – АҚШ-тан, алтыншысы – Мекси­кадан.

Естеріңізге сала кетейік, орта салмақта өнер көрсететін Әлімханұлы мен Гуальтьери арасындағы жекпе-жекте WBO және IBF нұсқалары бойынша екі бірдей чемпиондық белбеу сарапқа салынады.