Байқау • 07 Қыркүйек, 2023

Нұрғиса Тілендиев атындағы республикаалық дирижерлер конкурсы өтеді

202 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 20-22 қыркүйек аралығында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Нұрғиса Тілендиев атындағы республикалық дирижерлер конкурсы өтеді.

Нұрғиса Тілендиев атындағы республикаалық дирижерлер конкурсы өтеді

Фото: ашық дереккөз

Конкурстың ашылу салтанаты филармонияның Үлкен залында 20-қыркүйек күні сағат 10.00-де басталады.

22 қыркүйек күні сағат 19.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының үлкен залында конкурс жеңімпаздарының қатысуымен Гала-концерттің өтуі жоспарланып отыр.

Байқаудың басты мақсаты: қазақстандық дирижерлік мектептің дәстүрлерін сақтау және одан әрі дамыту; жаңа есімдерді шығару және таныту, дирижерлік өнер саласында талантты жастардың кәсіби өсуіне жағдай жасау; дарынды және талантты музыканттарды анықтау, оларды ынталандыру, Қазақстанның мәдени имиджін арттыру.

Конкурсқа мәдениет және өнер саласына қызмет етуді мақсат еткен 18 бен 35 жасқа дейінгі дирижерлер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Байқауға 25 қатысушыдан өтінім келіп түсті, белгілі себептермен конкурсқа 20 үміткер жолдама алды: Астанадан – 4, Алматы –8, Шымкент –2,   Петропавл –1, Павлодар – 1, Орал –1, Қарағанды – 1  және   Талдықорған – 2. Қатысушылар Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрінің сүйемелдеуімен музыкалық шығармалар орындайды. Конкурс 2 кезеннен тұрады.

Конкурстың нәтижесін 22 қыркүйек күні құрамына белгілі өнер қайраткерлері топтасқан қазылар алқасы қорытындылайды.

Конкурс номинациялары бойынша - Гран-при, І орын, ІІ орын, ІІІ орын, диплом және «Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларын үздік орындағаны үшін» дипломы белгіленді.

2025 жылы Н.Тілендиевтің 100 жылдығы халықаралық және республикалық деңгейде кеңінен аталып өтеді деп күтілуде. Биылғы бұл жас дирижерлер конкурсы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен осы айтулы іс-шараның қарсаңында өтеді. Конкурстың ашылужәне жабылу салтанатына Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, БАҚ, зиялы қауым, айтулы мәдениет және өнер қайраткерлері қатысады. 

Конкурстың қағидалары Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының jambyl-philharmonic.kz интернет-ресурсында орналастырылды.        

грн                              

 

АЛМАТЫ