Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2023

Қазақстан өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионатында жүлдеді болды

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылдың 5 қыркүйегінде Түркия Республикасының Стамбул қаласында Бурхан Фелек орталық стадионында мотопомпадан ұрыс шығару түріндегі өрт-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XVIII әлем чемпионатының және әйелдер арасындағы IX әлем чемпионатының соңғы төртінші жарыс күні өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионатында жүлдеді болды

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

14 ерлер құрама командасының арасында Қазақстан Республикасының ерлер құрамасы 28,56 секунд көрсеткішпен екінші орынды иеленді.

9 әйелдер құрамасы арасында Қазақстан Республикасының әйелдер құрамасы 28,34 секунд көрсеткішпен екінші орын алды.  

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XVIII әлем чемпионатының 14 ерлер құрама командасы арасындағы жарыстардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ерлер құрамасы жалпыкомандалық жүлделі ІІ орынды иеленді. 9 әйелдер құрамасы арасында Қазақстан Республикасының әйелдер құрамасы үшінші орынды иеленді.

 о

ор