Спорт • 07 Қыркүйек, 2023

Жалпы есептегі жағдай өзгеріссіз

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Испания Вуэльтасы» көпкүндігінің 11-кезеңі Бургос провинциясына қарас­ты Лерма мен Лагуна-Негра ара­сында өтті.

Жалпы есептегі жағдай өзгеріссіз

Бұл кезеңде 163,2 шақырымдық қашық­тықты 3 са­ғат 29 минут 17 секундта жүріп өт­кен 33 жастағы жер­­­гілікті велоша­бан­доз Хесус Эр­рада («Cofidis») же­ңімпаз деп танылды. Екінші орынды Ромен Грегуар («Groupama – FDJ») иеленді. 20 жастағы Францияның өрені бәсекелесінен үш секунд қана қалып қойды. Даниялық Андреас Крон («Lotto Dstny») үшінші сатыға табан тіреді. «Астананың» өкілдері арасында ең үздік көрсеткіш Луис Леон Санческе тиесілі. Ол мәре сызығын 23-болып қиып өтті.

Ал көш басындағы жағдай өзгеріссіз. Үздік үштік мыналар: Сепп Кусс («Jumbo-Visma»), Марк Солер («UAE Team Emirates») және Ремко Эвенепул («Soudal – Quick Step»). «Астананың» серкесі Давид Де ла Крус бір сатыға төмендеп, қазіргі кезде 12-орынды қанағат тұтты.