Теннис • 07 Қыркүйек, 2023

Данилина – финалда!

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Анна Данилина мен финляндиялық Харри Хелиоваара Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ-тың ашық біріншілігінің финалына шықты.

Данилина – финалда!

ФОТО: zakon.kz

Аралас жұптар сайысының жартылай финалында олар Ена Шибахара (Жапония)/Мате Павичті (Хорватия) 7:6, 6:4 есебімен ұтты. Данилина мен Хелиоваара енді финалда америкалық Джессика Пегула/Остин Крайчек жұбымен шеберлік байқасады. Ал Испанияның Севилья қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің екінші кезеңінде Тимофей Скатов пен Михаил Кукушкин өзара күш сынасты. Соның алдында ғана Скатов польшалық Даниэль Михальскиден айласын асырса, Кукушкин испаниялық Диего Санчесті сан соқтырған еді. Қазақстанның қос ойыншысы арасындағы тартыс 6:2, 4:6, 6:4 есебімен алғашқысының пайдасына шешілді.

Түркияның Ыстанбұлында Денис Евсеев табысты өнер көрсетуде. Екінші кезеңде корт қожайыны Корай Кырджиді 6:2, 7:6 есебімен қапы қалдырған ол ширек финалда словакиялық Лукаш Кляйнмен шеберлік байқасады.