![Президент Қазақстан – Солтүстік Ирландия матчын тамашалауға барды](/media/2023/09/10/133011970000.webp)
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Футболдан келесі жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу туры аясындағы 6-тур матчында Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландия футболшыларына қарсы алаңға шықты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрамамызды қолдау үшін «Астана Арена» стадионына барды.
Сонымен бірге кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин де ұлттық құрама футболшыларына қолдау көрсету үшін АҚШ-тан арнайы ұшып келді.