Спорт • 10 Қыркүйек, 2023

Түркістандықтар жеңімпаз атанды

173 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Туризм және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы және Ұлттық спорт түрлері федерацияларының ұйымдастыруымен 4 қыркүйек күні елорда төрінде басталған Ұлттық спорт түрлерінің VI фестивалі аяқталды.

Түркістандықтар жеңімпаз атанды

Фото: Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы

«Бұл шара Үкіметтің дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы мен Туризм және спорт министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыруға бағытталып отыр», дейді ұйымдастырушылар.

Фестивальға еліміздің барлық облыстарынан 1381 сайыскер қатысты. Олар асық ату, аударыспақ, бәйге, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, жекпе-жек, көкпар, қазақ күресі, құсбегілік, теңге ілу, тоғызқұмалақ қатарлы 11 ұлттық спорт түрлері бойынша өзара мықтыларды анықтады.

ұлттық спорт

 

Жеке-жеке тарқатып айтар болсақ, асық атудан Павлодар облысы мен Астана қаласы (бес асық), аударыспақтан Ақтөбе облысы, бәйге, жамбы ату, қазақ күресі, теңге ілуден Түркістан облысы, дәстүрлі садақ атудан Астана қаласы, жекпе-жектен СҚО, көкпардан Жамбыл облысы, құсбегіліктен Алматы облысы, тоғызқұмалақтан БҚО (ер) мен Павлодар (әйелдер) облыстарының спортшылары үздік өнер көрсетті.

Сондай-ақ фестивальдің бағдарламасына дәстүрлі садақ ату спорты тұңғыш рет енгізілсе, теңге ілу спортшылары бірінші рет «қос құлаш», «жеті құт», «бес белес» дейтін үш түрлі дистанцияға бөлініп жарысты.

Жалпы есеп бойынша Түркістан облысының сайыскерлері 574 ұпай жинап жеңімпаз атанды. Екінші орынға 549 ұпаймен астаналықтар ие болса, үздік үштікті Жамбыл облысы 460 ұпаймен түйіндеді.

Осы орайда, фестивальға қатысқан облыстардың көрсеткен нәтижесі туралы таныстырар болсақ:

Спорт түрі

I орын

ІІ орын

ІІІ орын

1

Аударыспақ

Ақтөбе облысы

Түркістан облысы

Қарағанды облысы

2

Асық ату (ер)

Павлодар облысы

Жамбыл облысы

Астана қаласы

Бес асық (әйел)

Астана қаласы

СҚО

Қызылорда облысы

3

Бәйге

Түркістан облысы

Қарағанды облысы

Жамбыл облысы

4

Дәстүрлі садақ ату

Астана қаласы

Атырау облысы

Алматы қаласы

5

Жамбы ату

Түркістан облысы

Алматы облысы

Жамбыл облысы

6

Жекпе-жек

СҚО

Түркістан облысы

Жамбыл облысы

7

Көкпар

Жамбыл облысы

Алматы облысы

Қостанай облысы

8

Қазақ күресі

Түркістан облысы

Шымкент қаласы

Жамбыл облысы

9

Құсбегілік

Алматы облысы

Түркістан облысы

Астана қаласы

10

Теңге ілу

Түркістан облысы

Шымкент қаласы

БҚО

11

Тоғызқұмалақ (ер)

БҚО

Қызылорда облысы

Астана қаласы

Тоғызқұмалақ (әйел)

Павлодар облысы

Астана қаласы

Түркістан облысы