Спорт • 11 Қыркүйек, 2023

IRONMAN: Александр Винокуров жеңіс тұғырын бағындырды

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның Ницца қаласында алғаш рет VinFast IRONMAN 2023 әлем чемпионаты өтті. Ардагер спортшылар санатында сарапқа салынған алтын медальді Қазақстанның аты аңызға айналған велошабандозы әрі Astana Qazaqstan Team клубының бас менеджері Александр Винокуров жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

IRONMAN: Александр Винокуров жеңіс тұғырын бағындырды

Фото: Instagram/astanaqazaqstanteam

Дүние жүзі бойынша әр-түрлі жас санатындағы үздік триатлоншылар 140,6 мильдік квестті бағындыру үшін жиналды.

«Ironman әлем чемпионаты менің үйіме жақын жерде өтті, оған қатысудан бас тарта алмадым. Мен мүмкіндігінше дайындалдым, жарыстарға және басқа да іс-сапарларға уақыт табуға тырыстым. Таңертең ерте тұрып дайындалдым. Жақында Глазгода өткен әлем чемпионатында жеңіске жеттім, сондай-ақ бұл Ironman чемпионатындағы екінші жеңісім. Мен әлем чемпионатында елімнің қоржынына тағы бір алтын салғаныма өте қуаныштымын», деді Александр Винокуров.

Ол бұл жеңісін өзінің 50 жылдық мерейтойы қарсаңында барша қазақстандыққа, әсіресе ата-анасына арнағысы келетінін айтты. 

Айта кетейік, аты аңызға айналған велошабандоз қазір Astana Qazaqstan Team велоклубының бас менеджері. 16 қыркүйекте 50 жылдық мерейтойын атап өтеді. Ол өзінің мансабында 2006 жылы Испанияның Вуэльтасының жеңімпазы және топтық жарыста 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, сондай-ақ UCI демеушілігімен өткен түрлі беделді веложарыстардың жеңімпазы болды.