Алматы • 11 Қыркүйек, 2023

Алматыда алып сәби дүниеге келді

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Егер жарық дүниенің есігін жаңа ашқан нәрестенің салмағы 4 килодан асса, онда ірі бала деп есептеледі. Аман-есен 5 килодан асқан сәби дүниеге келіп жатса, «алып бала» тудың деп қуанамыз. Ал енді Алматы қаласындағы №5 қалалық перзентханада алғаш рет салмағы 6 килодан асқан балпанақтай бала дүниеге келді.

Алматыда алып сәби дүниеге келді

Бір қызығы, әдеттегідей, айы-күні жа­қындаған аяғы ауыр келін­шек перзентханаға толғақпен түскенде, ультрадыбыстық зерттеу іштегі ша­қалақтың салмағы 4 800 грамм екендігін көрсеткен.

Жаңа туған нәрестелер бөлім­ше­сінің меңгерушісі Сәуле Кенен­баеваның айтуынша, бұл уль­традыбыстық зерттеу кезінде ба­ланың салмағы бастың бипариетальды және құйрық-париетальді өлшеміне байланысты есептеледі.

Акушер-мамандар нәресте анасының құрсағында дұрыс жатпа­ғандықтан, кесарь тілі­гімен алуға шешім қабылдайды. Алайда сәбидің дәл осындай сал­мақ­пен дүниеге келгеніне тек кесарлық бөлімнің дә­рігерлері ғана емес, тіпті анасы да таңғал­ған.

«Осы күнге дейін перзентханамызда мұндай алып тумаған, салмағы 6300 грамм сәби – бізде дүниеге келген ең үл­кен бала. Босану операциялық әдіспен жү­зеге асырылды. Операция сәтті өтті. Босандыру ойдағыдай аяқ­талды. Ана да, ұлы да сап-сау, аман-есен. Бұл отбасындағы үшін­­ші бала», дейді Сәуле Кенен­баева.

Қазір балпанақтай бала тапқан ана мен сәбиі перзентхананың медицина қыз­меткерлерінің тәулік бойы бақылауында және жуық арада перзентханадан шығуға дайындалып жатыр.

 

АЛМАТЫ