Бокс • 11 Қыркүйек, 2023

Польшадағы үш алтын

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гливице қаласында бокстан «Silesian Open-2023» деп аталатын әйелдер арасындағы дәстүрлі халықаралық турнир өз мәресіне жетті.

Польшадағы үш алтын

Аталған жарыстың финалында Қазақ­станның сегіз былғары қолғап шебері өнер көрсетті. Нәтижесінде, солардың үшеуі алтын­нан алқа тақты. Олар – Алуа Бал­қыбекова (50 кило), Виктория Графеева (57 кило) және Мәдина Нұршаева (70 кило). Шешуші тұста Алуа польшалық Наталья Кучевсканы қапы қалдырса, Мәдина Патрисия Гживиньсканы екінші раундта есінен тандырды. Виктория англиялық Самина Туссенді тізе бүктірді. Ал Рано Пар­хатова (52 кило) мен Аида Әбікеева (60 кило) финалда ағылшын боксшылары Айви Джейн Смит пен Люси Кингс-Уитлиге есе жіберді. Әнел Сақыш (54 кило), Салтанат Естаева (81 кило) және Ләззат Күнгейбаева (+81 кило) Польшаның өкілдері Сандра Дра­бик, Мартина Янцелевич және Агата Качмарскаға жол берді.

Бұрымдыларымыз үшін кезекті ірі дода – 23 қыркүйекте алауы тұтанатын жазғы Азия ойындары. Бұл жарыста Қазақ елі намысын Назым Қызайбай (51 кило), Жайна Шекербекова (54 кило), Карина Ибрагимова (57 кило), Римма Волосенко (60 кило), Наталья Богданова (66 кило) және Валентина Хальзова (75 кило) қорғайды.