Спорт • 12 Қыркүйек, 2023

Іріктеу турнирі басталады

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяу күндері футзалдан 2024 жылы өтетін әлем чемпионатының элиталық кезеңінің іріктеу турнирі басталады. Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака бұл додада мына ойыншыларға үміт артып отыр:

Іріктеу турнирі басталады

Қақпашылар – Игита, Нарун Серіков («Қайрат») және Нұрәлем Байдолла («Аты­рау»). Қапталдағы ойыншылар – Тайнан («Спортинг», Португалия), Эдсон, Альберт Ақ­балықов, Дәурен Тұрсағұлов, Дуглас, Жаһангір Рәшит, Біржан Оразов («Қайрат»), Азат Валиуллин, Әбдірасұл Әбдіманаұлы («Аят»), Шыңғыс Есенаманов, Райымбек Жұ­ма, Жомарт Тоқаев («Семей») және Арнольд Кнауб («Жетісу»).

Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйекте Қазақстан құрамасы сырт алаңда Нидер­ландпен күш сынасса, арада бес күн өткеннен соң Румынияны қабылайды. Ал 11 қазанда Әзербайжанмен бәсекелеседі.