Президент • 12 Қыркүйек, 2023

Президент: Кәсіпкерлердің шағымы азаймай тұр

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент: Кәсіпкерлердің шағымы азаймай тұр

Фото: https://web.telegram.org/

«Кәсіпкерлер «шағымданушы» немесе «қолдауға мұқтаж» рөлінде көрінбей, мемлекеттік аппараттың теңқұқылы серіктесіне айналуға тиіс. Жеке капиталды қорғау деңгейінің осалдығы, мемлекеттің экономикаға шамадан тыс араласуы, бағаның нарыққа қайшы жолмен белгіленуі және шамадан тыс реттеу тетіктері – бизнесті толғандыратын мәселелер мұнымен бітпейді. Кәсіпкерлердің соттарға, құқық қорғау және салық органдарына, жергілікті билікке қатысты шағымдары азаймай тұр. Бұл ретте бизнес тарапынан да салықтан жалтару, капиталды жылыстату, мемлекеттік қолдауға ие болған кезде алаяқтық жасау фактілері жиі ұшырасады. Еңбек ұжымдарының құқығын таптау жағдайлары да кең таралған. Осының салдарынан екі тарап әрдайым бір-біріне сезіктене қарап, кінә артуға дайын тұрады», деген Мемлекет басшысы дәстүрге айналған кездесуде ел экономикасын нығайтуға күш салушы кәсіпкерлердің құқығы қорғалуы тиіс екенін айтты.

през орт