Мәдениет • 12 Қыркүйек, 2023

Тазалық мәдениеті

240 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Астана-Арена» стадионына жиналған жанкүйерлер футболдан Қазақстан құрамасы мен Солтүстік Ирландия командасы арасындағы матчтан кейін трибунадағы қоқыстың бірін қалдырмай жинап кетті. Осылайша, ойынды тамашалауға келген бір топ ерікті мен жанкүйердің игі ісі елді сүйсіндірді.

Тазалық мәдениеті

Өткен аптада елде футболдан «Еуро-2024» іріктеуі аясында екі кездесу өтті. Онда Қазақстан құрамасы Финляндиядан минималды есеппен жеңілген-ді. Ал жасыл алаңдағы тағы бір кездесуде ұлттық құрама 1:0 есебімен Солтүстік Ирландия командасын ұтты. Осы тарихи жеңістен кейін отандық жанкүйерлер мен бір топ ерікті өздерінің мәдениет­тілі­­гін көрсетіп, ойын өткен ста­дион­ды қоқыстан тазартып кетті. Отандық жанкүйерлердің бұл әрекетіне әлеуметтік желідегі көп­­шілік таңдана қарады. Өйт­кені бұл іс футболсүйер қауым­ның бел­сенділігі ғана емес, са­на­лы­­лы­ғы мен ауызбіршілігін көрсетті.

«Матчтан кейін стадионды қо­қыстан тазарту – қала жас­та­­рының, «Астана жастары» жас­­тар ресурстық орталығы во­лон­­терлерінің және қалалық во­лон­­терлер штабының баста­ма­сы. Мұны Президенттің өзі қол­дағаны қуантады. Осы іс-шара­ға 500-ге жуық ерікті қатысты. Бұл бір реттік қана емес, жыл бойына жасалып келе жатқан жұмыстар. Әрине, бұл – ең алдымен тазалықтың кепілі. Содан кейін қоғам арасында тазалықты сақтау мәдениетін дәріптеу болып саналады. Әсіресе тазалық сақтауды жастардың бойына дағды ретінде қалыптастыруға үгіттейді», деді волонтер Айзат Әбиболлақызы.

Қоршаған ортаға жауапкер­шілік әлем ха­лық­та­рының ішін­де жапон­дық­тар­­дың бойына жақ­сы сіңген. Олар ­қай матчқа қатыс­пасын, спорттық іс-шара аяқ­­тал­­ған соң қалталарынан қо­­қыс пакет­терін шығарып, жан-­жа­ғын жинап кетеді. Бұл олар­­дың за­ңында жазылмаса да, ділін­­де мық­тап сақталған. Біздегі ерік­ті­лердің жеткізгісі келгені де осы.

Айта кетейік, жалпы «Астана жас­тары» жастар ресурстық орта­лы­ғы биыл сенбіліктер, ағаш отыр­ғызу, өзендердегі қоқысты жи­нау, қыс мезгілінде аулаларды қар­дан тазарту сынды 50-ден астам іс-шара өткізген. Жыл со­ңына дейін экобағыт бойынша тағы 15-ін ұйымдастыруды көз­деп отыр.