Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2023

Қазақстанда 9 жаңа су қоймасы салынады

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда тоғыз су қоймасы пайда болады, деп хабарлайды Egemen.kz 24kz news сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда 9 жаңа су қоймасы салынады

Айта кетейік, алдағы екі жылда республикада 9 су қоймасы салынады, қазіргі уақытта апатты жағдайдағы 16 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Енді мамандар 15 су қоймасында қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуі керек. Елбасының тапсырмасы бойынша республикада 20 су қоймасы салынуы тиіс. Бұл қосымша 800 миллион текше метр су жинауға мүмкіндік береді.

«Халықтың және экономика салаларының қажеттіліктері үшін су алудың жалпы көлемі шамамен 25 текше шақырымды құрайды, оның 65 пайызы ауыл шаруашылығына, 30 пайызы өнеркәсіпке, қалғаны халыққа пайдаланылады. Қазір әзірленіп жатқан Су кодексінде жаңа тарифтік саясаттың негізгі бағыттары ескеріледі. Мәселенің шешімі саланы цифрландыру және тиімді тариф қалыптастыру болуы тиіс», деді Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов.

Биылғы жылдың шілде айында Мемлекет басшысының сынынан кейін Астана су қоймасын тазалау жұмыстары басталды. Бұған дейін Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдегендей, елордалық су қоймасы 1970 жылы салынған және содан бері тазартылмаған. Бұл елорданы ауыз сумен қамтамасыз ететін жалғыз су қоймасы. Оның жалпы көлемі 410,9 млн текше метрді құрайды.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 11 шілдеде елорданы дамыту мәселелеріне арналған кеңесте Экология министрлігінің жұмысын сынға алған еді. Одан кейін елорданың Астана су қоймасына толықтай тәуелді екенін атап өткен еді.