Қоғам • 13 Қыркүйек, 2023

Қылмыстық топ 500 миллион теңгенің тауарын ұрлаған

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес  басқармасының қызметкерлері  ұрлықты кәсіп еткен қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық топ 500 миллион теңгенің тауарын ұрлаған

https://web.telegram.org/

«Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 2 жылдан астам уақыт облыс кәсіпорындарының бірінің тауарлық-материалдық құндылықтарын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың іс-әркетіне тосқауыл қойды. Шығын 500 миллион теңгеден асады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында полиция қызметкерлері 20-дан астам тінту іс-шараларын жүргізді, оның барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Негізгі күдіктілер, қылмыстық топтың ұйымдастырушысы мен белсенді қатысушылары соттың санкциясымен қамауға алынды», деп жазылған ақпаратта.