Теннис • 13 Қыркүйек, 2023

Осакада ойнап жатыр

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінде Қазақ­станның теннисшісі Юлия Путинцева жақсы ойын өрнегін көрсетуде.

Осакада ойнап жатыр

Жүлде қоры 259 303 АҚШ долларын құраған жарыстың тұсаукесер кездесуінде Путинцева ресейлік Диана Шнайдерді 6:2, 6:3 есебімен еш қиналмай ұтты. Екінші кезең­де ол Ресейдің тағы бір өкілі Диана Са­виныхпен сайысқа түсті. Бұл жолы да жерлесіміз қарсыласын оңай еңсерді. 1 сағат 19 минутқа созылған бәсеке 6:1, 6:2 есебімен аяқ­талды. Ширек финалда еліміздің екінші ракеткасы жапониялық Химео Сакацумэ мен қытайлық Синьюй Ван арасындағы кездесудің жеңімпазымен күш сынасады.

Аталған турнирде WTA рейтингінде 78 орында тұрған Юлия Путинцевадан бөлек, қытайлық Чжу Лин (әлемнің №35 ракеткасы), аргентиналық Надия Подороска (№82) және жапониялық Нао Хибино (№91) сынды танымал теннисшілер өнер көрсетуде.

 

Соңғы жаңалықтар