Спорт • 13 Қыркүйек, 2023

Қалың топтың арасында

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бір күндік үзілістен соң «Испания Вуэльтасы» қайта жалғасты. 16 кезең әйгілі Льенкрес табиғи саябағынан бастау алып, Бехес қаласында өз мәресіне жетті.

Қалың топтың арасында

Осы екі аралықтағы қашықтық 120,1 шақырымды құрады. Бұл тартыста Йонас Вингегор («Jumbo-Visma») алдына жан салмады. 26 жастағы даниялық велошабандоздың көрсеткіші – 2 сағат 38 минут 23 секунд. Екінші және үшінші орындарды иеленген Жаңа Зеландияның өкілі Финн Фишер-Блэк («UAE Team Emirates») пен Нидерландтың саңлағы Ваут Пулс («Bahrain-Victorious») кезең жеңімпазынан шамамен 50 секундтай қалып қойды. Қазақстанның спортшысы Андрей Зейц («Астана») мәре сызығын 21-болып қиып өтті.

Жалпы есепте Сепп Куссты («Jumbo-Visma») әлі ешкім қуып жете алар емес. Оның көш бастап тұрғанына тоғыз кезең бол­ды. АҚШ велошабандозын өкшелеген Йонас Вингегор одан 29 секунд қалып келеді. Словениялық Примож Роглич («Jumbo-Visma») үшінші орынды иеленуде. Ал «Аста­наның» үздігі Луис Леон Санчес 49-сатыға тұрақтады.