Фото: https://polisia.kz/
Облыстық полиция департаментіне қарасты Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, Жылыой ауданында электр бағаналарын құлатып, кабельдерді ұрлап сатумен айналысқан бірнеше азаматты анықтады. Күдіктілер электр кабельдерін Ақтөбе қаласындағы металл қабылдау орталығына өткізіп отырған.
«Оларға қатысты 16 эпизодты қылмыстық іс басталып, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», деді Полиция департаментінің қызметкерлері.
Атырау облыстық Криминалдық полиция басқармасының бастығы Иса Бекқалиев қылмыстық топ мүшелері 100 миллион теңгеден астам шығын келтіргенін жеткізді.