Наталья Жұмаділдаева 1965 жылы Теміртау қаласында дүниеге келген.
Саранск қаласында Огарев атындағы Мордовия мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған. Одан кейін Қызылорда мектептерінде директордың орынбасары және директоры (1987-2013), қалалық қоғамдық ұйымның әдіскері және орынбасары (2013-2015), мектеп директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
Сондай-ақ Қызылорда қаласы Оқушылар мен жасөспірімдер үйінің директоры болды (2015-2016).
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Мектепке дейінгі білім департаментін басқарды (2022 жылдың қарашасынан).
Наталья Жұмаділдаева - Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. 2016-2021 жылдары Мәжіліс депутаты болды.