Үкімет • 15 Қыркүйек, 2023

Әлеуметтік жобаларды іске асыру барысы

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Әлихан Смайылов Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында берілген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде кеңес өткізді.

Әлеуметтік жобаларды іске асыру барысы

Үкімет басшысы су шаруа­шылығы, ирригациялық жә­не дренаждық жүйелерді күр­делі жөндеу бойынша атқа­рыл­ған жұмыстар туралы есеп­ті тыңдады. Ә.Смайылов қыр­ғыз тарапымен бірлесіп, трансшекаралық өзендер бойынша болжалды деректерге сәйкес 2024 жылғы вегетация­лық кезеңді өткізу алгорит­мін алдын ала әзірлеу қажеттігіне тоқталды.

Сонымен қатар Тараз қала­сында кәріз-тазарту құры­лыстарын салу және жылу магистралдарын қайта жаңарту, Тараз, Жаңатас, Қаратау және Шу қалаларындағы көпқабатты тұрғын үй­лерді күрделі жөн­деу, сондай-ақ қол­даныс­тағы қазандықтарды жаңғырту жо­ба­ларының өзекті мәселелері қаралды.

Сондай-ақ Мойынқұм ауданын­­дағы Радай және Қара­бөгет көпірлерін, Отар-Гвар­дейск аудан­дық маңызы бар автожо­лын­дағы теміржол өткелі арқылы өтетін көпір салу жобалары туралы баяндамалар тыңдалды.

Жиынға қатысушылар Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен жаңа мектептер салу және мемлекеттік бағ­дар­лама аясында негізгі мек­теп­терді кеңейту, Тараз қала­сындағы көпсалалы аурухана мен перинаталдық орталықтың құрылысын, Меркі, Талас және Шу аудандарындағы орталық ауруханаларды күрделі жөн­деу, сондай-ақ Байзақ, Жуалы және Қордай аудандарында жаңа медициналық нысандар ашу жөніндегі шараларды талқылады.

Ә.Смайылов облыс әкімдігі барлық басым жоба бойынша құжаттама әзірлеу­ді және тиіс­ті бюджеттік өтінім­дерді беру­ді жеделдету қажеттігін атап өтті. Бұл ретте су шаруа­шы­лығы құры­лымдарын күрделі жөн­деуден өткізуге, суару желілерін қайта жаңартуға, су қоймаларын салуға және су үнемдеу технологияларын енгізуге баса назар аудару қажет екенін айтты.