1987 жылы 24 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында туған.
2009 жылы «Болашақ» стипендиясы бойынша Ұлыбританиядағы Йорк университетін «Экономика және қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
2020 жылы Испаниядағы IE университетінде Бизнес-талдау және Big Data магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Экономика және жоспарлау министрлігінде бас сарапшы қызметінен бастаған.
2010-2013 – «Самұрық-Қазына» АҚ менеджері.
2013-2014 – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі.
2014-2016 – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры.
2016-2019 –«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ департамент директоры, басқарушы директоры.
2019-2020 – «QazTech Ventures» АҚ Басқарма төрағасы.
2020-2022 – ҚР Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры.
2022 жылғы 24 ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы.
Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі.