Мәдениет • 17 Қыркүйек, 2023

Симфониялық оркестрдің алғашқы концерті

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Қызылорда облы­сының құрыл­ғанына 85 жыл толып отыр. Об­лыстық драма театр­да өткен Сырдағы тұң­ғыш симфониялық оркестр­дің алғашқы концерті осы мерейтойға арнал­ды. Облыстық фи­лар­мония жанынан құ­ры­лып отырған ор­кестрдің көркемдік же­текшісі және бас ди­рижері Қа­зақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері Мүсілім Әмзе.

Симфониялық оркестрдің алғашқы концерті

Симфония оркестрінің алғашқы концертінде облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов өнер ұжымына сәттілік тілеп, салаға қатысты жобалар мен жаңалықтарға тоқталды. Осы жылы өнер және әдебиет өкіл­деріне облыс әкімінің «Тұран» сый­лығы табысталды. Би­ылдан бастап мәдениет сала­сындағы мамандар шетелдерде біліктілігін арттыра бас­тады. Жаңадан іске қосылған инклюзивті театр мүмкіндігі шектеулі өнерпаздар шығар­машылығына шабыт берсе, бұған дейін Қызылорда қаласы әкімдігі жанында үйірме ре­тінде жұмыс жасап келген Жас­тар театры өз алдына кә­сіби ұжым ретінде құрылды.

Жыл аяғына дейін мың орындық Өнер орталығы бой көтеріп, бірқатар ұжым жа­ңа ғимаратқа орналасады. Ал­дағы уақытта сим­фо­ния ор­кес­трінің жаңа бағ­дар­­­ла­ма­сын сол орталықта та­ма­ша­лай аламыз.

Оркестр тұсаукесер кон­цертін елімізде сирек орын­далатын күрделі туын­ды­лар­дың бірі композитор Ах­мет Жұбановтың «Абай» сим­фо­ниялық сюитасымен бастады. Классикалық музыка алыптары Шуберт, Ден­ца, Брамс, Моцарт, Бизе, Чай­ковский, Мұ­қан Төлебаев пен Нұрғиса Тілен­диевтің шы­ғар­малары орындалды.

Театр залын толтырған көрермен осы кеште ха­лық­­ара­лық және республи­ка­лық конкурстың лауреат­та­ры Самал Байсейітова, Ай­дос Иман­жаппаров, Ақыл­бек Табынбаев, Сымбат Тас­бергеновалардың өнеріне қол соқты.

 

ҚЫЗЫЛОРДА