Қоғам • 17 Қыркүйек, 2023

Жастарды жұмыл­дырды

168 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өңірлердегі сакралды нысандарда өтетін «Kieli tabigat» республикалық акциясы ая­сында Сыр жастары да бас қосты. Кие­лі орындар айналасын тазалау арқы­лы эко­логиялық мәдениетті арттыруды көз­деген акцияны қоғамдық даму, мәде­ниет және спорт басқармасы, жергілікті аудан­дық әкім­діктер, жастар ресурстық орталық­тарының бірлесе ұйымдастырды.

Жастарды жұмыл­дырды

Сығанақ тарихи кешенінің айналасына жүздеген жас таңнан жиналды. Бастамадан Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы музей қызметкерлері, көне қалашық іргесінен орын тепкен Сунақата ауылының жастары да сырт қалған жоқ. Облыстық мәдениет және спорт басқармасының бөлім басшысы Жанар Жақыпова бұл қозғалыстың көне тарих көмбесіндей Сыр өңірі үшін маңызы ерекше екендігін атап өтті. Киелі орындарға қамқорлық танытқан жастар бастамасы алда да жалғасын табатынына сенім білдірді.

Жалпы, Жаңақорған ауданында републикалық маңызы бар 6 тарихи орын бар. Солардың басында әр дәуір зерттеушілер VI-XVIII ғасырлар аралығында гүл жай­наған қала болған деген байлам жасаған осы Сығанақ тұр. Қай кезең деректерінде де тыныш өмірдің, бере­ке мен байлықтың бесігі ретінде суреттелген қала орнына кейінгі жылдары археологиялық зерттеулер жүр­гізіліп, құнды жәдігерлер табылып отыр. Осыған орай тарихи шаһар басындағы тіршілікті көргісі келе­тін туристер қатары артып отыр. Жастар осы кешен айна­ласындағы шөптерді шауып, күл-қоқысты тазалады.

Облыс жастары экологиялық сана мен мәдениет деңгейін арттырып, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға үндеген бастама аясында Қорқыт ата кешені жанындағы Ақсақ қыз ескерткішіне, Жанқожа баба мен Қалжан ахун кесенелері айналасында тазалық жұмыстарын жүргізді.

 

Қызылорда облысы