Саясат • 19 Қыркүйек, 2023

Словения Президенті Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты дамытуға дайын

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен жүргізген келіссөз барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Словения Президенті Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты дамытуға дайын

«Ынтымақтастықты нығайтуға әрдайым мүмкіндік бар. Біздің елдеріміз арасында ешқандай түйткілді мәселе жоқ. Мен де Сізді елімізге арнайы сапармен келуге шақырамын», деді Наташа Пирц-Мусар.

Тараптар халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты. Атап айтқанда, әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, БҰҰ құрылымын жетілдіру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар мемлекеттер басшылары Орталық Азия мен Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлінің артып келе жатқанын атап өтті.

Президенттер халықаралық құрылымдар аясында өзара тығыз қарым-қатынас жасау жөнінде уағдаласты. 

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025