Кәсіпқой бокс • 19 Қыркүйек, 2023

GGG үздіктер тізімінде жоқ

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал vRINGe.com сайты кәсіпқой боксшылардың рейтингін жариялады. Өкінішке қарай, үздіктер тізімінде Қазақстанның бірде-бір өкілі жоқ.

GGG үздіктер тізімінде жоқ

Осыған дейін жартылай орта салмақта (76,2 кило) бесінші орында тұрған Геннадий Головкин жаңартылған рейтингте ТОП-10 боксшының қатарынан шығып қалды. Оған себеп – жерлесіміздің ұзақ уақыт бойы жұдырықтаспауы. Бұл салмақта «Канело» жеке-дара көш бастап тұр. 33 жастағы Гвадалахараның тумасы кәсіпқой боксты серік еткен 18 жыл аралығында 63 кездесу өткізіп, 59 мәрте жеңіске жетті. 39 қарсыласын нокаутқа жіберді. Екі бәсекеде ұтылып, тағы екі рет тең есеп тіркелді. Екінші орында – Давид Бенавидес. 26 жастағы АҚШ-тың азаматы 27 жекпе-жектің бірде-біреуінде ұтылған жоқ. Ол 23 айқаста айқын басымдық танытты. Үшінші сатыға тағы бір мексикалық боксшы Хайме Мунгия жайғасты. 26 жастағы Тихуаның тумасы 42 кездесудің барлығын өз пайдасына шешіп, 33 бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады.

ТОП-10 боксшының қатарында Кристиан Мбилли (Франция), Давид Моррель (Куба), Кейлеб Плэнт (АҚШ), Джон Райдер (Ұлыбритания), Деметриус Андраде (АҚШ), Лерроун Ричардс (Ұлыбритания) және Карлос Гонгора (Эквадор) сынды жуан жұдырықты жігіттер бар.