Спорт • 19 Қыркүйек, 2023

Жетісу командасы – «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жеңімпазы

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі мәресіне жетті. Биылғы доданың басты жүлдесін Жетісу облысының командасы олжалады, деп хабарлайды Egemen.kz Joryq ат спорты федерациясына сілтеме жасап.

Жетісу командасы – «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жеңімпазы

Фото: joryq.kz

Марафон-бәйгеге қатысушы 20 команданың арасынан 1300 шақырымды тек 4 команда ғана аяқтады. Жетісу облысының шабандоздары  жалпы уақыт көрсеткіші бойынша оқ бойы озық келді. Екінші орын Ақтөбе облысының командасына бұйырса, үштікті Алматы қаласының командасы түйіндеді. Төртінші орын Абай облысының шабандоздарына бұйырды.

Екі апта бойы аттан түспей 1300 шақырым жерді басып өткен шабандоздарды марапаттау рәсімі бүгін «Түркістан арена» стадионында өтеді.