Әлем • 20 Қыркүйек, 2023

Үздік ондық

153 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік экономикалық форум сарапшылары он жылдан астам уақыт бойы қоғам мен экономиканы түбегейлі өзгеріске жетелейтін жаңа технологиялар жөнінде зерттеулер жүргізіп келеді.

Үздік ондық

2011 жылдан бері жарияланатын жыл сайынғы есеп – жаһанға ықпал ете бастаған технологияларды анықтап берді. Айталық, 2015 жылғы есепте си­патталған «CRISPR-Cas9» нақты генетикалық-инженерлеу құ­ралы 5 жылдан кейін Нобель сыйлығын иеленіп, қазіргі таңда жән­діктер мен құрғақшылыққа төзімді дақылдарды өсіруге қол­да­нылып келеді.

Әлемнің 20 елінен 90 ғалым атсалысқан биылғы зерттеуде технологиялардың ықтимал ықпалы 5 түрлі көрсеткішпен сұрыпталып, ұзын саны 10 жаңа технология тізімі жасалған. Олар:

  1. Жұмсақ батареялар (flexible batteries). Тағуға жарамды технологияларды денсаулық сақтау және электронды тоқыма саласына енгізуді көздейді. Бұл құрылғылардың арқасында иілгіш компьютер экрандарынан бастап «смарт» киім-кешекке дейін электрониканың болашағы барған сайын икемді бола түседі.
  2. Генеративті жасанды интеллект. Мақсаты – адамзат тір­ші­­лігінің шекарасын кеңейту. Бү­гінгі таңда жасанды интеллект негізінен мәтін жазу, ком­пьютерлік бағдарламалар жасау, бейнелер мен дыбыс­тар­ды дайындау мақсатында қолданылып келсе, болашақта бұл технология дәрі-дәрмектерді жасау, архитектура мен инженерия саласында да пайдаланылмақ.
  3. Экологиялық орнықты авиациялық жанармай (sus­tainable aviation fuel, SAF). Ол авиа­ция саласын нөлдік көмір­қыш­қыл қалдықтар бағытында да­мыт­пақ. Қазіргі кезде орнықты авиа­циялық жанармай әуе ке­мелері жанармайларының әлем­дік сұранысының 1 пайызын ғана құрайды. Дегенмен бұл көрсеткіш 2040 жылға қарай 10-15%-ға жетіп, 2050 жылға де­йін­гі авиация саласын нөлдік қал­дықтар жолына әкелуге тиіс.
  4. Бактериофаг. Оның көз­дегені (designer pha­ges) – адамзат, жануарлар мен өсім­діктердің саулығын ны­ғайту мақсатында вирус­тарды инженерлеу. «Locus Biosciences» инженерленген фаг­­­тарды антибиотикқа төзімді бак­терияларға қарсы күресу мақ­сатында пайдаланса, «Eligo Biosciences» осы әдіспен белгі­лі бір бактериялардың пато­ген­ділігін төмендетіп ке­леді.
  5. Жан саулығын нығай­та­тын ортақ виртуалды кеңіс­тік­тер (shared virtual space). Вир­туал­ды ортақ кеңістіктер экран ал­дындағы уақытта адамның ты­нығып, қалпына келуіне сеп­тігін тигізеді.
  6. Тұтынуға жарамды өсім­­дік­тер сенсоры (wearable plant sensors). Ол әлемді азық-түлікпен қамта­масыз ету үшін ауылшар­уа­шылық деректер жиын­ты­ғын қалыптастырады.
  7. Кеңістік омиктер (spatial omics). Кеңістік омиктердің арқа­сын­да молекула деңгейіндегі «жасуша атласы» саласындағы зерт­теулердің жаңа толқыны пай­да болып жатыр. Қазіргі таң­да мұндай технологияны ке­ңей­ту өте өзекті.
  8. Жұмсақ нейроэлектроника (Flexible neural electronics). Жүйке жүйесіне әсер ету үшін жетік инженерленген сызбаны пайдалану. Кейінгі кездері Ми-компьютер интерфейсы (МКИ) (brain-machine interfaces (BMIs) құрылғыларды ой арқылы ба­қылаудың қауқары мен әлеуеті туралы қызу пікірталас жүріп жатыр.
  9. Орнықты есеп (sustainable computing). Нөлдік энергия тұтынушы деректер орталығын құру мен енгізу. Жер шарының экологиялық дағдарысы кезінде деректі қолдану да қауіп төндіруі мүмкін.
  10. ЖИ арқылы басқары­ла­тын денсаулық сақтау саласы. Денсаулық сақтау жүйе­сі­нің тиімділігін арттыруға бағыт­тал­ған жаңа технологиялар. Ден­сау­лық сақтау жүйесінің осал тұстары COVID-19 пандемиясы кезінде анық көрінді. Оны шешу үшін Үкімет пен ғалымдар тобы ЖИ мен машиналық оқытуды (machine learning) медицина саласына енгізе бастады.

Дү­ние­жүзілік экономикалық форум аясында сарапшылар жаса­ған жаңа технологиялар тура­лы әлемдік есеп мемлекеттер мен ғалымдар үшін экономи­ка­ны әртараптандыруда, техно­ло­гия­лық дамуға қатысты ма­ңыз­ды шешімдер қабылдауда көмек­ші құрал бола алады.

 

Айнұр АБАЙ,

Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы 

Соңғы жаңалықтар

Оқырманға жол тартты

Басылым • Бүгін, 00:25

Ғасырлар үні

Руханият • Бүгін, 00:13

Керек дерек

Технология • Кеше