Фото: UWW
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, 19 жастағы Ризабек Айтмұхан Қазақстан ұлттық гвардиясында сарбаз екен.
«Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы атындағы алматылық 5571 бөлімінің сарбазы, қатардағы Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды. Ризабек Айтмұхан Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлихан ауданындағы Кішкенекөл ауылының тумасы. Әскери борышын өтеуге биыл жазда Алматыдағы ұлттық гвардия сапына шақырылды», деп хабарлаған ведомство.