Бокс • 20 Қыркүйек, 2023

Дағыстандағы бес жүлде

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Каспийск қаласында бокстан Магомед-Салам Умахановты еске алуға арналған XXII халықаралық турнир өз мәресіне жетті.

Дағыстандағы бес жүлде

ФОТО: prosports.kz

Дағыстандағы жарыста еліміздің 10 былғары қолғап шебері бақ сынап, олардың тең жартысы жеңіс тұғырына көтерілді. Жалғыз алтынды 71 кило салмақта күш сынасқан Дархан Дүйсебай алды. Алғашқы айналымдарда пәкстандық Фархан Хан мен ресейлік Омар Құрбановты қапы қалдырған ол, жартылай финалда тағы бір жергілікті боксшы Ризван Куршаевты ұтты. Ақтық сында Дархан Өзбекстан спортшысы Бекзод Хамидовтан айласын асырды. Ал Жандос Несіпжан (57 кило), Еркебұлан Әкімбай (80 кило), Нұрсұлтан Бейсембаев (86 кило) және Мейрамбек Берганаев (92 кило) қола медаль иеленді. Бұл жігіттердің барлығы да Ресей спортшыларына есе жіберді.

Өзге салмақ дәрежелерінде ринг қо­жайын­дары Расул Салиев (51 кило), Вик­тор Кулдошин (54 кило), Виталий Бойцов (57 кило), Магомед Тиновасов (63,5 кило), Қажымұрат Забайруев (67 кило), Бижан Би­жамов (75 кило), Ілияс Магомедов (80 кило), Шарафуддин Келеметов (86 кило), Рамазан Ханафиев (92 кило) және өзбекстандық Данир Мадияров (60 кило) пен армениялық Давид Шалоян (Армения) топ жарды.

 

Соңғы жаңалықтар

Алғыс арқалаған хирург

Маман • Бүгін, 10:10

Қатерлі ісікпен алысқан

Медицина • Бүгін, 09:50

Үздік отбасылық дәрігер

Медицина • Бүгін, 09:40

Марқакөлдің мейіргері

Медицина • Бүгін, 09:30