Шосседегі жарыста Алексей Луценко жекелеген сайыста өнер көрсетеді. 31 жастағы «Астана» клубының мүшесі 2014 жылы Инчхонда бір және 2018 жылы Джакартада екі алтын алды. Сондай-ақ жерлесіміздің Азия чемпионы деген атағы бар. Луценко Дмитрий Груздев, Евгений Федоров және Глеб Брусенскиймен бірге командалық бәсекеде де бақ сынайды.
Әйелдер арасында Рината Сұлтанова мен Махаббат Үмітжановаға үміт артамыз. Тректе Артём Захаров, Әлішер Жұмақан, Рамис Дінмұхаметов, Дмитрий Носков, Сергей Кармажаков, Сергей Пономарев, Дмитрий Резанов, Кирилл Курдиди, Андрей Чугай, Анжела Соловьева, Марина Кузьмина, Виолетта Казакова және Ақпейіл Өсім жарыс жолына шығады.
Ал маунтинбайктен өтетін бәсекеде ел намысын Денис Сергиенко, Егор Карасев, Татьяна Генелева мен Алина Сарқұлова қорғайды.