Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2023

Отырарда өндірілетін шұбат бүкіл Қазақстан нарығын қамтып отыр

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысына қарасты Отырар ауданында өндірілетін шұбат ұлттық сусыны  бүгінде бүкіл Қазақстан нарығын қамтып отыр. Ұлттық брендіміздің бағасы қолжетімді, сапасы жоғары, деп жазады Egemen.kz.

Отырарда өндірілетін шұбат бүкіл Қазақстан нарығын қамтып отыр

Фото: gov.kz

«Отырар-Сүт-Ет» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі жергілікті балабақшалар мен мектептердің балаларын бір мезгіл сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі таңда шаруашылық күніне 5000 литр түйе сүтін өндіреді екен. Мұнда қазір  барлығы 12 адам жұмыспен қамтылған. Сақталу мерзіміне қарай Астана мен Алматы қалаларына жөнелтіледі. Тұтынушылардың көбі - жергілікті тұрғындар.

«Кооператив өз өнімін сүттің майлылығын сақтай отырып дайындайды. Шұбаттың сақталу мерзімі ұзақ емес. Енді ұжым жаңа инновация желісімен ұнтақталған шұбат өндіруді жоспарлап отыр. Түйе сүті ағзаға өте пайдалы болғандықтан, өнімнің бұл түріне сұраныс жоғары», дейді кәсіпорын төрағасы Нұрсұлтан Ахаев.