ФОТО: prosports.kz
Өзінің чемпиондық атағын қорғап қалу үшін ұлыбританиялық Леон Эдварс америкалық Колби Ковингтонмен күш сынасады. Ямайкада дүниеге келіп, кейіннен Тұманды Англияға қоныс аударған 32 жастағы Леон 26 рет октагонға шығып, 22 мәрте жеңіс тойын тойлады. 10 бәсекеде айқын басымыдық танытты. 3 рет жеңіліп, тағы бір кездесудің нәтижесі есептелмеді. Былтыр жазда Эдварс Камару Усманды нокаутқа жіберіп, алтын белбеуді иеленсе, биыл көктемде дәл сол Нигерия спортшысын ұпай санымен ұтып, өз атағын сәтті қорғады. 35 жастағы Колби де 24 кездесудің тек үшеуінде ғана есе жіберді. Тоғыз мәрте айқын басымдық танытты. Алғашында бразилиялық Варлей Элвистен жеңілсе, екі рет Камру Усманға жол берді. Міне, енді Ковингтон қайта чемпиондық тәж үшін таласпақ.
Дәл осы салмақта Шавқат Рахмонов та өнер көрсетеді. 17 бәсекенің барлығында қарсыластарын есінен тандырған қазақтың қайсар ұлы қазіргі кезде UFC рейтингінде алтыншы орында тұр. Бұйыртса, келесі жылы «Номад» чемпиондық белбеуге таласады деп үміттенеміз.