Футбол • 21 Қыркүйек, 2023

Тағыберген –тағы да үздік

150 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы дәстүрі бо­йын­ша ай сайын OLIMPBET-Чемпио­натында өнер көрсететін командалардың бапкер­лері мен капитандары арасында сауалдама ұйымдастырып, айдың үздік футболшылары мен бапкерлерін анықтап отырады.

Тағыберген –тағы да үздік

Мәселен, тамыз айында өткі­зілген сауалдаманың қорытын­дысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Ордабасы» ко­мандасының капитаны Асхат Тағыберген еліміздің үздік ойыншысы деп танылды.

Асхат тамыз айында «Ор­дабасы» клубы сапында төрт ойында алаңға шығып, бір мәрте мергендігімен көзге түссе, әріп­тес­теріне екі рет нәтижелі пас асыр­ған. Жалқы голын ол 19-тур оясында Қызылордада өткен «Қайсар» – «Ордабасы» ара­сын­дағы матчта соққан болатын. Бір айта кетерлігі, Тағы­бер­ген – «Қайсар» футбол клу­бы­ның тәрбиеленушісі. Осындай нә­тижелі ойынымен Асхат өзінің ко­мандасына турнир кестесінде көш бастауға көмектесіп жүр.

Ұлттық құрама мен «Орда­басының» көшбасшысы биылғы маусымда осымен қатарынан екін­ші, жалпы үшінші мәрте айдың үздік футболшысы атанып отыр. Ол бұған шілде және мамыр айларында мамандар тарапынан ел чемпионатының үздік ойыншысы деп танылған еді.

Сауалдаманың екінші орынына «Мақтаарал» клубының ша­буыл­шысы Тоқтар Жаңғылышбай жайғасқан. Ол тамыз айында үш ойын өткізіп, бір гол және бір нәтижелі паспен ерекшеленді. Үз­дік үштікті «Атыраудың» шабуылшысы Евгений Козлов түйін­деді. Козлов өткен айдағы төрт ойында «Ақсу» мен «Каспий» командаларының қақпаларына екі гол соқты.

Ал тамыз айының үздік бап­кері ретінде чемпионаттағы әріп­­тес­­терінің қолдауына ие бол­ған «Мақ­таарал» командасының және Қазақстан жастар құрама­сы­ның бас бапкері Қайрат Нұр­дәулетов танылды.

Қ.Нұрдәулетовтің басшы­лы­ғымен «Мақтаарал» командасы тамыз айында «Жетісу» (1:0) мен «Шахтер» (3:1) командаларымен ойында жеңіске жетіп, мүмкін болған алты ұпайды иеленіп, шашпай-төкпей қоржындарына салды. Осы нәтижелердің арқа­сында Түркістан облысының ұжы­мы турнир кестесіндегі жағ­­дайын жақсартып, қауіпті ай­мақ­тан шыға білді. Қазіргі таңда «Мақтаарал» үздіктер қа­тарында 20 ойыннан кейін 21 ұпаймен 11-орында келеді. Сондай-ақ олар­дың еншісінде әлі ойналмаған бір матч бар.

 Мамыр айының соңына қа­рай команданың тізгінін Қай­рат Нұрдәулетов ұстағалы бері «Мақ­таарал» бүгінге дейін ішкі чемпионатта 10 ойын өт­кізіп, со­ның тең жартысында же­ңіс­ке жеткен. Тағы үш ойын­да қарсыластарымен тең түссе, не­бәрі екі матчта ғана же­ңі­ліс­тің кермек дәмін татқан. «Мақ­та­аралдың» ел чемпионатында 1 шілде күні 14-тур аясында сырт алаңда «Ақтөбемен» (1:0) өткен ойында жеңілгенін де айта кеткен жөн.

Сауалдамада екінші және үшінші орындарды «Ор­даба­сының» бапкері Александр Седнев пен «Қызылжардың» бапкері Әли Әлиев өзара бөлісті. Өткен айда «Ордабасы» клубы төрт матчтың екеуінде қарсы­ластарынан басым түссе, бір кездесуде тең ойнап, біреуінде жеңіліп қалды. Ал «Қызылжар» ко­мандасы төрт бәсекенің екеуінде жеңіске жетіп, екеуінде тең нәтиже тіркеді.

23-24 қыркүйек (сенбі, жек­сенбі) күндері ел чемпионатының кезекті тур ойындары өтеді. Атап айтқанда, ХХIII турда «Ор­­дабасы» – «Астана», «То­был» – «Жетісу», «Қайрат» – «Шахтер», «Қайсар» – «Каспий», «Мақ­таарал» – «Ақсу», «Оқжетпес» – «Атырау» және «Қызылжар» – «Ақтөбе» командалары кездеседі.