Сабақтар жауынгерлік қимылдарға барынша жақын жағдайда өтіп жатыр. Офицерлерді курстық даярлықтан өткізудің мақсаты – түрлі жағдайларды модельдеу және әскери қызметшілердің ішкі жағдайы тұрақсыз, дағдарысқа ұшыраған елдерде бітімгерлік миссияны орындау барысындағы күйзеліске төзімділігі мен әрекет ету қабілетін дамыту. Сонымен бірге әскери қызметшілер әуеден патрульдеу, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды табу, жаралыларды эвакуациялау, келіссөз жүргізу және т.б. тапсырмаларды орындайды. Курстың бағдарламасын БҰҰ-ның әртүрлі елдердегі бітімгерлік миссияларына қатысқан тәжірибелі нұсқаушылар әзірлегенін айта кету керек. Үш апталық бағдарлама Бітімгерлік операциялар орталығының базасында апробациядан әрі бағалаудан өтеді.
Алдағы уақытта орталық тарапынан Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшыларын курсты бағалауға шақыру жоспарланып отыр. Егер бағдарлама мақұлданып, курс аккредиттеуден өтер болса, бұл бізге Бітімгерлік операциялар орталығының базасында халықаралық деңгейдегі сертификатталған әскери бақылаушыларды даярлауға мүмкіндік береді.
Тыңдаушылар полигонға бармас бұрын офицерлердің әскери бақылаушы ретінде бітімгерлік міндеттерді ойдағыдай орындау даярлықтан қамтамасыз ететін пәндер кешенінен өткенін айту керек. Әскери қызметшілер бітімгерлік қызметті, әскери бақылаушының мәртебесі мен міндеттерін, дағдарыс жағдайындағы іс-қимыл тәртібін реттейтін халықаралық заңнаманы, сондай-ақ жергілікті билік өкілдерімен, БАҚ-пен және қақтығысушы тараптармен өзара іс-қимылды ұйымдастыруды жан-жақты зерделеді.
Оқыту курсының қорытындысы бақылау-кешенді оқу-жаттығуы өтеді. Онда тыңдаушылар БҰҰ әскери байқаушыларының бітімгерлік міндеттер кешенін орындап, оларды іске асырудың түрлі тәсілін қолданады.