Бүгін түстен кейін жартылай финалда Темірлан Абдраимов пен Георгий Борода-Дудочкин шешуші кезеңге шығу үшін өз өнерлерін ортаға салады.
Айта кетейік, әйелдер арасында жарысқа қатысушылар саны аз болғандықтан Анастасия Кочеткова, Елена Потапенко, Людмила Яковлева, Кристина Рябовалар іріктеусіз, бірден финалда өнер көрсетеді.
Ерлер мен әйелдердің финалдары 24 қыркүйек күні өтеді. ТОП-5 енген спортшылар Олимпиада лицензияларын иеленеді. Бірақ 1 елге 1 жолдама ғана берілетінін айта кету керек.