Спорт • 22 Қыркүйек, 2023

Балуандар жартылай финалға шыға алмады

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сербия елінде  күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында өкінішке қарай, грек-рим күресінен 3 салмақ дәрежесінде балуандарымыз жеңіліс тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балуандар жартылай финалға шыға алмады

uww.org

55 келі салмақта сынға түскен  Марлан Мұқашев  іріктеуді сәтті бастап, алғашқы айналымда  украиналық балуанды ұтқан.  Ширек финалда жолы екі дүркін әлем чемпионы Әзербайжан елінің балуаны Эльданиз Азизлимен түйісіп, есе жіберді.  Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев та 77 келіде күресіп, жеңіліс тапты. Бірінші белдесуінде хорват Антонино Каменьяшевичті, екінші айналымда  түркмен балуаны Тойлы Оразовты жыққан. Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері мажарлық Золтан Левайды да еркін еңсеріп, ширек финалда әзербайжан спортшысы Санан Сүлеймановқа есе  жіберді.

Ендігі үміт 6 салмақ дәрежесінде белдесуге түсетін балуандарда. Олардың арасында 67 келіде сынға түсетін Алмат Кебісбаев та бар. Алматтың қанжығасында әлем чемпионатының қоласы мен күміс медалі бөктерулі, жетпейтіні тек алтын  ғана.