Қоғам • 22 Қыркүйек, 2023

«URKER-2023» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«URKER-2023» сыйлығының жеңімпаздары анықталды. 48 үміткердің арасынан 12  үздік әр номинация бойынша марапатталды. Баспа, радио, интернет журналистика саласы бойынша Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған  байқауға 450 материал ұсынылған, деп жазады Egemen.kz.

«URKER-2023» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

https://aikyn.kz/

«Жылдың үздік интервьюі» аталымы бойынша  Time.kz  Лейла Тастанова, «Жылдың үздік репортажы» номинациясын Тengrinews.kz тілшісі Рабиға Дүйсенғұлова, Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал аталымы бойынша Амангүл Тілейқызы - El.kz, Сейдахмет Бердіқұлов атындағы үздік журналистік зерттеу  аталымы бойынша  Анна Величко (Golos-naroda.kz), «Жылдың үздік аналитикалық материалы» аталымында  Меруерт Сәрсенова (Kapital.kz), «Үздік халықаралық БАҚ» аталымында (мерзімді баспасөз, радио-интернет-журналистика)  «Қазақ елі» журналы (Түркия), «Үздік ақпараттық портал» аталымы  Nege.kz ұжымына, «Радиостанциядағы үздік жоба» аталымын  «Orda FM» радиосының «Zhas STAR» бағдарламасы еншіледі. «Жылдың үздік фотосуреті» аталымында  Валерий Бугаев, «Үздік аймақтық БАҚ» номинациясымен Қызылорда облысының «Сыр бойы» газеті, «Үздік подкаст» аталымы бойынша  Айнель Әмірханның «OY-DETOX» жобасы марапатталды. «Үздік YouTube арнасы» аталымында Абай Сейфолланың «Abay Live» арнасы  үздік деп танылды. «Қазақ» газетінің 110 жылдығына арналған арнайы  сыйлық республикалық «Ана тілі» газетінің ұжымына бұйырды.