Футбол • 24 Қыркүйек, 2023

«Пушкаш» сыйлығынан үмітті

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан ұлттық құра­масы мен «Ордабасы» клубының капитаны Асхат Тағыберген жылдың үздік голына берілетін Ференц Пуш­каш атындағы ФИФА сыйлығына үміткерлердің бірі атанды.

«Пушкаш» сыйлығынан үмітті

Отандасымыздың наурыз айында Еуро-2024 іріктеу турнирі аясында Дания (3:2) қақпасына соққан голы мамандар назарына түсіп, ФИФА сыйлығының шорт-парағына ілінді. Тағыбергеннен басқа бұл тізімде ер­лер­ден Нуну Сантуш (Португалия), Иван Моранте (Испания), Хулио Энсисо (Па­рагвай), Аль­варо Барреал (Аргентина), Сон Джин Канг (Корея), Гильерме Мадруга (Бра­зилия), Брайан Лосано (Уругвай) және әйелдерден Беатрис Занератто (Бра­зилия), Линда Кайседо (Колумбия), Сэм Керр (Аустралия) бар.

Жеңімпаз ФИФА ресми сайтында және футбол аңыздары арасында да дауыс беру арқылы таңдалады. Үздік шыққан футболшы келесі жылдың қаңтарында «The Best» салтанатты іс-шарасында анықталады.