Мәдениет • 25 Қыркүйек, 2023

Елордада «ALEM SAZ» II Халықаралық музыка фестивалі өтеді

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған фестиваль күз мезгілінің ең маңызды мәдени шараларының біріне айналмақ. Елорда тұрғындары мен қонақтарына Қазақстан, Түркия, Жапония, Венгрия, Германия, Пәкістан, Испания және Ресейдің ең үздік өнерпаздары өнерлерін көрсетеді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада «ALEM SAZ» II Халықаралық музыка фестивалі өтеді

Фото: gov.kz

«ALEM SAZ» – әлем елдері мәдениетін шығармашылық ынтымақтастық арқылы бір платформада біріктіруге арналған халықаралық фестиваль. Жоба ұлттар мәдениетін біріктіру, сақтау және дамыту, әлем елдерінің тарихи мұралары мен мәдени құндылықтарына құрметпен қарауға негізделген. Халықаралық музыка фестивалі еларалық достық байланыстарды кеңейту мен нығайтуға және өнер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға арналған.

Фестиваль бағдарламасында шетелдік әртістердің концерттері, кинокөрсетілімдер, сәндік-қолданбалы өнер көрмесі және шеберлік сабақтарын өткізу жоспарланған.

Фестиваль ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен, сондай-ақ Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының ұйымдастыруымен өтеді.

«ALEM SAZ» халықаралық фестивалінің бағдарламасы:

27.09. – Испания (сағ.19:00)

28.09 – Ресей (сағ.19:00)

29.09 – Түркия (сағ.19:00)

30.09 – Жапония (сағ.18:00)

01.10 – Пәкістан және Венгрия (сағ.17:00)

02.10 – Ресей (сағ.19:00)

03.10 – Германия (сағ.19:00)

Өтетін күні мен уақыты: 27 қыркүйек – 3 қараша, 17.00-19.00

Өтетін жері: «QAZAQSTAN» ОКЗ (Мәңгілік ел, 10/1)