Спорт • 25 Қыркүйек, 2023

Жеңімпаздар анықталды

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жексенбі күні Алматыда 3х3 баскетболдан халықаралық «Almaty Quest» турнирі өз мәресіне жетті.

Жеңімпаздар анықталды

Екі күнге жалғасқан бәсекеде Ресейден келген «Руна» командасының бағы жанды. Олар бас жүлде үшін өткен ойында қатарлық «Al Shamal» командасымен шеберлік байқасып, турнир жеңімпазы атанды. Ал қола жүлде үшін өткен кездесуде Беларусь баскетболшылары мықтылық танытты. «Минск» командасы еліміздің «IMS Astana» ұжымын тізе бүктіріп, халықаралық турнирдің қола жүлдесін қанжығасына байлады.

Турнирдің марапаттау рәсіміне ФИБА 3х3 басқарушы директоры Алекс Санчез қатысып, жарыстың жоғары деңгейде өткенін атап көрсетті. Айта кетейік, 3х3 бас­кетболынан «Almaty Quest» халықаралық турниріне еліміздің алты командасы мен алыс-жақын шетелден келген 10 клубы өнер көрсетті. Жарыс жеңімпазы атанған ресейлік «Руна» командасы «Chengdu Masters» әлемдік турының жолдамасына ие болды.